АҚШ С.К жөнінде Қытайды белсенді болуға шарырды

Рекс Тиллерсон С.Корея жөнінде Қытайдың тіпті көп жауапкершілік алуын күткенін айтты.

757829
АҚШ С.К жөнінде Қытайды белсенді болуға шарырды

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Солтүстік Кореяның аймақтағы шиеленістірді ушықтырғанын білдіріп, сондай-ақ осы шиеленістің ушықпауы  үшін Қытайдың тіпті көп жауапкершілік алуын күткенін айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис және Қытай Сыртқы істер министрі Яань Жиечи мен Қытай Бас штаб төрағасы Фаң Феньхуй бірге «Дипломатия және қауіпсіздік» саммитін өткізді. 

Саммиттен кейін Мэттиспен бірге ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Тиллерсон Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынақтарының аймақтағы дағдарысты ушықтырғанына назар аударып, осы елмен қою байланысы болған Қытай Халық Республикасының тіпті белсенді рөл атқару керектігін түсіндірді.

Тиллерсон «Аймақтағы дағдарысты шешу үшін Қытайдың Солтүстік Кореяға экономикалық және дипломатиялық жақтан қысым жасауы керек» деді.

Тиллерсон Солтүстік Кореяның Біріккен Ұлттар Ұйымы келісімдеріне қайшы түрде баллистикалық зымыран сынақтарын жасағанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Тиллерсон осы жылдың аяғына қарай АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарлай баратынын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар