Германия Сыртқы істер министрі Түркияда

Неміс министр Зигмар Габриэль Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен басқосты.

746020
Германия Сыртқы істер министрі Түркияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу неміс депутаттарының Аданадағы Инджирлик әскери базасына емес, Кониядағы НАТО әскери базасына ғана баруына мүмкіншілік бар екенін атап көрсетті.

Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) кейбір мүшелерінің саяси баспана талаптарының қабылдануы мәселесі, неміс депутаттардың Инджирлик саяхаты және Түркия-Германия ынтымақтастығы тақырыптарын бағалау үшін Анкараға келді.

Зигмар Сыртқы істер министрі Чавушоғлумен министрлікте басқосты.

Чавушоғлу кездесудің артынан өткен баспасөз жиналысында «Германия болымды қадам басқан жағдайда, біз екі қадам басамыз. Германиямен болымды күн тәртібіне қалай көше алармыз соны бағаладық» деді.

Чавушоғлу неміс депутаттардың Инджирлик сапарымен байланысты «қазірден бастап, Инджирлик емес, Кония қаласындағы НАТО әскери базасына саяхат мүмкін» деді.

Түркияның Еуропа және Германиямен кезкелген бір мәселесі жоқ екенін тілге тиек еткен Мевлүт Чавушоғлу Германияның туристік тұрғыдан Түркияның маңызды бір ортағы екенін атап көрсетті. Чавушоғлу Германияда 3,5 миллионнан астам түрік азаматының өмір сүргенін, сондықтан Түркияның бұл елмен арасында мәселе туғызатын ешбір себеп жоқ екенін білдірді.

Түркия мазасызданған тақырыптардың бірінің де ПКК-ның Германиядағы жұмыстарын түсіндірген Чавушоғлу FETÖ мүшелерінің Германияда болуы және 400-ден астам адамның саяси баспана сұрауының бөлек бір тақырып екенін атап, «Қайғымыз әлі жаңа. Бұл себептен FETÖ мүшелерінің Германия сияқты бір елде өмір сүруін біз қаламаймыз» деді.

Германия Сыртқы істер министрі Габриэль болса Инджирликке қазір бара алмағанымызға қайғырдым. Германияның осындағы әскерлерін басқа жерге тасуы ынтымақтастығымыздың нашарлағаны деген мағынаға келмейді. Инджирликтен кері шегіну тақырыбында қабылданған нақты бір шешім жоқ» деді.

Зигмар Германияда саяси баспана құқығы беру туралы шешімдерге соттардың шешім қабылдағанын атап айтты.

Германия Сыртқы істер министрі Зигмар бағдарлама бойынша премьер-министр Бинали Йылдырыммен де басқосатын еді.

Дегенмен премьер-министрдің уақыт тығыздығына байланысты бұл қабылдау Габриэльдің күн тәртібінен шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар