Қытай басшысы әлем басшыларына үн қатты

Пекинде 29 ел басшысы қатысқан «Бір белдеу – бір жол халықаралық ынтымақтастық форумы» басталды.

731947
Қытай басшысы әлем басшыларына үн қатты

Қытайдың бас қаласы Пекинде араларында президент Ердоғанда бар 29 ел басшысы қатысқан «Бір белдеу – бір жол халықаралық ынтымақтастық форумы» бағдарламасының ашылу баяндамасын жасаған Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цзиньпин елінің аталмыш жобаға 79 миллиард долларлық қаржы қолдауы беретінін білдірді.

130 ел мен 70 халықаралық мекемеден мың 500 делегат қадалаған форумның қонақжайлығын жасаған Си 2 мың жыл бұрынғы Ұлы Жібек Жолының Азия, Африка және Еуропа құрлықтарындағы елдердің нанымдық орталықтарын және көптеген өркениетті бір-бірімен байланыстырғанын, осылайша қоғам аралық экономикалық және мәдени байланысты орнатқанына назар аударды.

Аталмыш жобаға әлемнен ауқымды  қатысушы келгенін тілге тиек еткен Си «Бір белдеу – бір жол» жобасының Ресейдің ұсынысы ретінде «Еуразия экономикалық одағы» мен Түркия басшылық жасаған «Орталық коридор» жобасымен де сәйкес екенін атап көрсетті.

Си Қытайдың бұл жоба төңірегінде көптеген елмен қатынас, жүк тасымалдау, инфрақұрылым, энергия, коммуникация, кеден, компьютер бағдарламасы, экономика мен сауда, өнеркәсіптік өндіріс, электронды сауда, теңіз саласында жоба немесе жоспарларға қол қойылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар