Путин мен Рухани АҚШ-қа назаразылық білдірді

Басшылар АҚШ-тың халықаралық құқық нормаларын бұзғанын білдірді.

709178
Путин мен Рухани АҚШ-қа назаразылық білдірді

Ресей президенті Владимир Путин мен Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани Сирияға шабуылдаған АҚШ-тың халықаралық құқық нормаларын бұзғанын білдірді.

Кремль баспасөз орталығы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Иранның сұранысымен Путин мен Руханидің телефонда әңгімелесті.

Мәлімдемеде Сириядағы жағдайды бағалаған екі басшының АҚШ-тың халықаралық құқық нормаларын бұзып, тәуелсіз ел ретінде Сирияға шабуылының қабылданбайтынын атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Путин және Рухани Сирияның Идлиб аймағында химиялық шабуыл қауесетімен байланысты объективті және бейтарап бір тергеудің жүргізілуін талап етеді» делінді.

Ресей мен Иран басшыларының Сирия мәселесіне саяси және дипломатиялық жолмен шешім іздеу тақырыбында тығыз бір ынтымақтастық жүргізудің маңызына назар аударылған мәлімдемеде «Руханидің 27-28 наурыз күндері жүзеге асқан Мәскеу сапары аясында жасалған келісімдерді іске асыру кезеңі қолға алынды. Тараптар террормен күрес салаларындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарына назар аударып, Таяу Шығыс аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатты бұл саладағы байланысты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар