Сирия режимі Түрікмен тауына шабуылдады

Асад күштерінің шабуылдарында жазықсыз 20 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алды.

678489
Сирия режимі Түрікмен тауына шабуылдады

Астана Дамасктың Тишрин ауданында соңғы бір апта ішінде Асад күштерінің шабуылдарында 20 жазықсыз адам қаза тапты, 100 бейбіт адам жарақат алды.

Асад күштері Лазкийе ауылдық аймағындағы Түрікмен тауына да кеше шабуылдарын бастады.

Асад күштері кеше түскі уақыттан бастап оппозиционерлердің бақылауындағы түрікмен ауылдарына зымыран шабуылы жасады.

Келез, Караман, Саллур және Ямади ауылдарына қоса Карабибер аумағы нысанаға алынған шабуылдарға оппозиционерлер қарсылық берді.

Келез ауылы төңірегінде шыққан қақтығыстарда жаралылар бар екені білдірілді.

Аймақтан көтерілген тұмандар Хатайдың Сирия маңындағы Йайладағы ауданынан да байқалады.

Режим күштері соңғы бір апта ішінде Дамасктың шығыс аймақтарында орын алған оппозиционерлердің бақылауындағы Тишрин ауданын нысанаға алып отыр.

Аймаққа 20 зымыран шабуылы жасалғаны, азаматтық қорғаныс топтарының үйінділер арасынан бейбіт адамдарды іздеу құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Сирияда қақтығысқан тараптар арасында Түркия мен Ресейдің кепілдігінде қамтамасыз етілген бітім 30 желтоқсан күні іске қосылған болатын.

23-24 қаңтар күндері болып өткен Астана процесінде болса Түркия, Ресей және Иран бітімді жалғастыру үшін үштік қадағалау механизмі құру тақырыбында келіскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар