Сирияның Халеб қаласы Асад жасақтарының қолында

Оппозициялық қарулы күштер өз бақылауындағы 6 ауданнан да шегінді.

629226
Сирияның Халеб қаласы Асад жасақтарының қолында

Сирияның Халеб қаласы Асад жасақтарының қолында.

Сирия Адам құқықтары ұйымы оппозицияның бақылауындағы 6 ауданнан да шегінгенін хабарлады.

Осы оқиғадан кейін БҰҰ-дан мәлімдеме келді.

БҰҰ-ның Сирия арнайы өкілі Стеффан де Мистураның арнайы кеңесшісі Жан Игланд Сирия әкімшілігі мен Ресейді Халебтегі барлық қылмыстарға жауапты деп есептеді.

Орталығы Лондонда болып табылатын Сирия Адам құқықтары ұйымы да соңғы бір айда Халебтің оппозицияның қолындағы аудандарына бағытталған шабуылдарда 415-тен астам адамның қаза тапқанын,  олардың 47-сінің бала екенін мәлімдеді. Жүздеген адам да Ресей және әкімшіліктің әуе бомбалауында жарақат алды.

Башар Асад әкімшілігі мен Иран басшылығындағы шиіт сарбаздар енді бейбіт халықты қыра бастады. Сол аймақтардан келген мәліметке қарағанда шиіт сарбаздар Халебтің Фирдеус және Келлесе аудандарында көптеген адамды өлтірді.

Бір куәгер шиіт сарбаздардың 4 әйел мен 9 баланы тірілей өртегенін, 67 ер адамды атып өлтіргенін білдірді.

БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дуджарик жазбаша мәлімдеме жариялап,  бас хатшы Пан Ги Мунның осы хабарларға орай дабыл соққанын айтты.

Пан Ги Мун уайымдарын қатысты тараптарға жеткізді және Сирия арнайы елшісіне арнайы нұсқау берді.

Сонымен бірге АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби американдық және орыс лауазым иелерінің Халебте бітім үшін келіссөз жүргізгенін білдірді.

Келіссөзден нәтиже шықпағанын айтқан Кирби: «Ресейдің бітімге жақындамауына таңғалмадық» деді.

Халеб 2012 жылдан бері іс жүзінде әкімшілік әскерлері мен оппозиция арасында бөлінген еді.



Ұқсас жаңалықтар