Бейбіт халықтың эвакуациялануы үшін үзіліс берілді

Бұл туралы Сергей Лавров мәлімдеді.

626812
Бейбіт халықтың эвакуациялануы үшін үзіліс берілді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда әкімшіліктің азаматтардың шығып кетуі мақсатымен Халебтегі әскери операцияларына үзіліс бергенін мәлімдеді.

Лавров Германияның Гамбург қаласында өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 23-ші Балқан кеңесі жиналысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Орыс министр бейбіт халықтың эвакуациялануы үшін Халебтің шығысындағы операциялардың тоқтатылғанын білдірді.  «Себебі Халебтің шығысынан шыққысы келетін азаматтардың шығып кетуі үшін жаңа іс басталды.  Шамамен 8 мың адамдық конвой.  Бұл ауқымды операция» деді ол.

Лавров батыс елдерінің Халебтегі гуманитарлық дағдарысты шешу үшін нақты қадам ұсынбағанын алға тартты.

Сергей Лавров Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне орай Сириядағы террористтермен аяғына дейін соғысатынын айтты.

Лавров орыс және американдық әскер мамандардың сенбі күні Женевада кездесу үшін келіскендерін және Халебтегі жағдайды да қолға алатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар