Акынжы Еуропа Одағы лидерлерімен бас қосты

Мұстафа Акынжы  Брюссельде Еуропа Одағы лидерлерімен бас қосты.

625886
Акынжы Еуропа Одағы лидерлерімен бас қосты

Кипр бейбітшілік келіссөздерінде барлық назар келесі айда өтетін келіссөзге аударылды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Мұстафа Акынжы келесі айдағы маңызды келіссөздер қарсаңында Бельгияның астанасы Брюссельде Еуропа Одағы лидерлерімен бас қосты.

Акынжы Аралдағы шешімнің Израиль, Кипр, Түркия және Еуропаны энергиямен жалғайтынын және барша үшін әрі қауіпсіздік, әрі тұрақтылық әкелетінін түсіндірді.

Президент Акынжы «Бұның барша үшін пайдалы болатынын байқаудамыз. Қаңтар айында Женевада өткізілетін кездесулер Шығыс Жерорта теңізінде Кипр тұрғысынан жаңа бір кезеңнің басталуы үшін өте маңызды деп ойлаймын» деді.

Еуропа Комиссиясында кездесулер өткізген Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да Кипрде шешім үмітінің әр қашанғы уақыттан тіпті күшті екенін түсіндірді.

Чавушоғлұ «Біздің тілегеніміз осы. Процестің уақыты белгілі болсын. Біз осы процесті әрқашан қолдаймыз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар