Операцияда Түркияның рөлі тілге тиек болуда

Картер    Түркияның рөлімен байланысты кездесулердің жалғасқанын айтты.

602767
Операцияда Түркияның рөлі тілге тиек болуда

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Эштон Картер Сирияның Ракка қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен азат етілуі үшін өткізілетін операцияда Түркияның рөлімен байланысты кездесулердің жалғасқанын айтты.

Картер Сириядағы Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тен қайтарып алынуы үшін ұйымдастырылатын операцияның таяуда басталатынын еске салды.

«Мақсатымыз осы жұмысты істеуге қабілеті бар күштермен бірге таяуда сол жерге бару және Ракканы құтқару» деген АҚШ Қорғаныс министрі «Түркиямен де осы тақырыпта және алдымыздағы күндерде ойнайтын рөлі жөнінде пікір алмастыруды жалғастырудамыз» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар