Әл Нусра тікұшақты құлатқанын мойындады

Орыстың бір тікұшағы Сирияда атып құлатылды.

542394
Әл Нусра тікұшақты құлатқанын мойындады

Сирияның солтүстік шығысындағы Идлибте орыс әуе күштерінің Mİ-8 типті тікұшағы құлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі «1 тамыз күні Идлибте Халебке гуманитарлық көмек жеткізгеннен кейін әуе базасына оралу барысында Mİ-8 типті бір орыс тікұшағы құлатылды» деп хабарлады.

Тікұшақта 3 экипаж және Сириядағы атысты тоқтатуды бақылау орталығынан екі әскер болған.

Енді осы кісілер ізделіп жатыр.

Жергілікті хабар көздері құлаған тікұшақтың экипажының қаза тапқанын алға тартты.

Шабуылдың жауапкершілігін Әл Нусра мойындады. Ұйым өлтірілген орыс ұшқыштардың көріністері деп көрініс жариялады.

Халебте болса қақтығыстар жалғасуда.

Қаланың оппозиционерлердің қолындағы бөлімінде 300 мың адам қоршауда қалды. Кейбір оппозициялық топтар Халебтің оңтүстігіндегі қоршауды бұзу үшін шабуыл бастады.



Ұқсас жаңалықтар