АҚШ 10 мың сириялық босқынды қабылдайды

Джон Керри жылдың соңына дейін 10 мың босқынды қабылдау нысанасының жүзеге асатынын атап айтты.

528174
АҚШ 10 мың сириялық босқынды қабылдайды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жылдың соңына дейін 10 мың босқынды қабылдау нысанасының жүзеге асатынын атап айтты.

Джон Керри Сыртқы істер министрлігінде 1 апта кейінге қалдырылған Ораза айт бағдарламасына қатысты. Қатысушылармен «Ассаламу алейкум» деп амандасқан Керри мұсылмандарды айттап, Сириядағы гуманитарлық жағдайға тоқталды.

Сириядағы жазықсыз адамдар мен басқа елдердегі сириялық босқындарға жәрдемдерін жалғастыратындарын білдірген Керри «Алдында да уәде бергеніміздей сириялық 10 мың босқынды қабылдау нысанамызды жүзеге асырамыз. АҚШ оқу, денсаулық сақтау және азық-түлік қажеттіліктері үшін сириялықтарға 439 миллион доллар қаржылай көмек жасауға шешім қабылдады» деді.

Стамбұл, Дакка және Меккеге жасалған лаңкестік шабуылдар себепті биыл Ораза айтты өкінішті қарсы алғандарын білдірген Керри, халықаралық қоғамды террорға қарсы ортақ қозғалуға шақырды.

Министрліктегі Ораза айт бағдарламасына Вашингтондағы дипломатиялық өкілеттіктерге қоса, азаматтық қоғамдар мен саясат қайраткерлері қатысты.



Ұқсас жаңалықтар