Газаға жіберілген жәрдем пакеттері таратыла бастады

Түркиядан жіберілген 11 мың тоннадан астам жәрдем материалы Газаға ұласты.

524086
Газаға жіберілген жәрдем пакеттері таратыла бастады
türkiye'den gazzeli yetimlere yardım.jpg

Түркиядан жолға шыққан «Ләйлә ханым» атты гуманитарлық көмек кемесімен жіберілген 11 мың тоннадан астам жәрдем Газаға ұласты.

Түркиядан жіберілген бұл жәрдемдер газалықтарды қатты қуантты.

Жәрдемдер таратыла бастады.

Израиль кеден қақпасында жұмыстардың жай жүруі себепті кеше тек қана ойыншық пакеттері таратыла алды.

Алғашқы ойыншық пакеттері Әл-Әмел жетімханасындағы балаларға ұласты.

Түркиядан барған жәрдем материалдарынан шамамен 10 мың жанұя пайдалана алады.

Мұқтаждар Газадағы Әлеуметтік жұмыстар министрлігі тарапынан анықталды.

Материалдардың таратылуын болса түрік қызылайы ұйымдастырады.

Газаға 12 мың 775 пакет азық-түлік пакеті, 5 мың тонна үн, 3 мың тонна шекер 2 мың тонна да күріш жіберілді.

100 мың дана киім және 20 мың аяқкиім де жәрдемдер арасында.

Газаға салынатын аурухана мен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да Түркия жәрдемдері арасында орын алады.



Ұқсас жаңалықтар