Ал-Фаллуджа операциясының алғашқы күні 9 жазықсыз адам қаза тапты

Ирак армиясының Ал-Фаллуджаны құтқару операциясында кеше ондоған террорист өлтірілді.

496611
Ал-Фаллуджа операциясының алғашқы күні 9 жазықсыз адам қаза тапты

Ирак армиясының Әл-Анбар уәлаятына қарасты Ал-Фаллуджа қаласына жасаған операцияда 5 бала, 2 әйел барлығы 9 адам қаза тапты, 23 жазықсыз адам жараланды.

Ал-Фаллуджадағы ру тайпа басшыларынан Межид әл-Жериси Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде қаланы террор ұйымы ДАИШ-тен кері қайтару операциясының жарияланының артынан атылған 30 пулемет оғы мен снарядтың Та-с Неваме, Эл-Жулан және Эн-Незире аймақтарына құлағанын атап көрсетті.

Қалаға құлаған бомбалар жайлы Ирак мекемелерінен ресми мәлімдеме жасалмады.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади алдынғы күні кеште Ал-Фаллуджаны ДАИШ-тен құтқару операциясы бастағандарын жариялаған және операцияларда ондаған террорист өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар