Роберт Форд ПЙД мен ПКК арасында байланыс бар екенін айтты

Бұрынғы өкілетті елші Роберт Форд АҚШ Сенатымен ЙПГ тақырыбында көзқарас бөлісті.

493088
Роберт Форд ПЙД мен ПКК арасында байланыс бар екенін айтты

АҚШ-тың соңғы Дамаск өкілетті елшісі Роберт Форд елі қолдау берген ЙПГ-нің террор ұйымы ПКК-мен нақты түрде байланысы бар екенін атап айтты.

АҚШ Сенаты Сыртқы қатынастар комитеті тарапынан ұйымдастырылған «Сириядағы соғыс: Дағдарысты жеңілдету үшін кейінгі қадам» тақырыпты отырыста сөз алған Форд ПКК террор ұйымы және оның Сириядағы тармағы ПЙД-нің бұл елдің солтүстігінде елдің шекара тұтастығын бұзып, этникалық бір мемлекет құруды армандағанын атап көрсетті.

ПЙД-нің бұл жоспарының өзіне бағытталған қауіп ретінде қабылдайтын Түркияның бұл жағдайға үлкен наразылық көрсетуге құқылы екенін білдірген Форд АҚШ қолдау берген ЙПГ-нің ПКК террор ұйымымен байланысы бар екені тақырыбында ескерту жасады.

Роберт Форд аймақта ДАИШ террор ұйымымен соғысқан басқа топтардың да бар екеніне назар аударып, «Аймақта әрі ДАИШ-пен, әрі Асад-пен соғысқан басқа топтар да бар. Олар бұл ұйым сияқты ешбір қолдау алған жоқ. АҚШ-тың ДАИШ-пен күресінде ЙПГ-нің орнының толмайтынына сенбеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар