Солтүстік Корея басшысы әлемді дүр сілкіндіретін мәлімдеме жасады

Ким Чен Ын ұзақ атымды зымырандарға сәйкес ядролық тұмсықтарды өндіргендерін жариялады.

447374
Солтүстік Корея басшысы әлемді дүр сілкіндіретін мәлімдеме жасады

Ұзақ атымды зымыранмен жер серігі ұшырған Солтүстік Кореядан әлемді дүр сілкіндіретін жаңа бір бастама келді.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ұзақ атымды зымырандарға сәйкес ядролық тұмсықтарды өндіргендерін жариялады.

Солтүстік Корея ресми хабар агенттігі KCNA-ның хабарына қарағанда Ким Чен Ын ядролық жұмыстарды жүргізген ғалымдармен бас қосып, соңғы жетістіктер жайлы мағлұмат алды.

Солтүстік Корея басшысы жиналыстың соңында ядролық соғыс тұмсықтарын ұзақ атымды зымырандармен сәйкестендіретіндей кішірейткендерін алға тартты.

Ким Чен Ын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның тарихтағы ең ауқымды әскери жаттығу жүзеге асыруына қарсы ядролық қаруларды қолдануға дайындау үшін тапсырма берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар