Иорланияда ДАИШ мүшелеріне үлкен соққы

Сирия шекарасындағы операцияда 7 террорист өлтіріліп, 30 террорист ұсталды.

443041
Иорланияда ДАИШ мүшелеріне үлкен соққы

Иорданияның Сирия шекарасындағы Ирбид қаласында ДАИШ террор ұйымы мүшелері жиналған бір үйге операция жасалды. Операцияда 7 террорист өлтіріліп, 30 террорист тұтқындалды.

Шыққан қақтығыста бір қауіпсіздік қызметкерінің де қаза тапқаны білдірілді.

Иракта болса елге жаңа жіберілген АҚШ арнайы жасақтары ДАИШ басшыларының бірін қолға түсірді.

Филиппиндерде де ДАИШ нысанаға алған сауд дін қызметкері мен қасындағы бір сауд дипломат конференция залында шабуылға ұшырады.

Дін қызметкері мен дипломат жаралы құтылған шабуылда бір террорист қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан өлтірілді.

Филиппиндерде Әбу Саййаф ұйымының кейбір топтары соңғы күндері мәлімдеме жасап ДАИШ-ке бағынғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар