ДАИШ Дейр-уз Зурда 400 шақты жазықсыз адамды алып қашты

Сирияда ДАИШ-тің шабуылдарында 50 режим әскері мен кем дегенде 85 жазықсыз адам қаза тапты.

423124
ДАИШ Дейр-уз Зурда 400 шақты жазықсыз адамды алып қашты

ДАИШ террор ұйымы Сирияның шығысындағы Дейр-уз Зурдың Беғелийе аумағын қанды шабуылмен бақылауға алды.
Террор ұйымының аумақты бақылауға алған соң араларында әйелдер мен балалар да бар 400 адамды алып қашқаны білдірілді.
Кейбір ақпарат көздері болса қаза тапқандар санының 300 екенін алға тартуда.
Дейр-уз Зурда 70 пайызы әйелдер мен балалар барлығы 450 жазықсыз адам өмір сүруде.
Еуроодақ Сыртқы саясат және қауіпсіздік жоғары өкілі Федерика Могерини Дейр-уз Зурдағы жағдайды «қорқынышты» деп бағалады және Сириядағы ішкі соғыстың тоқтау керектігін атап көрсетті.
Могерини ДАИШ қаупін жою үшін баршаның күшін біріктіретін уақыт келгенін білдірді.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның арнайы кеңесшісі Джеффри Сашс болса «Сирияда жалғасқан соғысқа саяси бір шешім табу керек. Мен әрқашан жалғыз нақты шешімнің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен өту керектігін айтқан болатынмын» деді.



Ұқсас жаңалықтар