Асад күштері түрікмендерге қарсы құрлық операциясын бастады

Әуеден қолдау берілген операцияда түрікмен ауылдары мен аудандары ауыр шабуыл астында.

407340
Асад күштері түрікмендерге қарсы құрлық операциясын бастады

Сирияда Асад күштері Байырбуджак түрікмендерінің көзін құрту үшін азанғы уақытта әуеден қолдау берілген құрлық операциясы бастады.
Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда режим күштері соңғы 2 күннен бері басқаша соғыс тактикасы жүргізеді.
Байырбуджак және Жебел Экрад аймақтары алдымен моншақ бомбаларымен тығыз түрде бомбаланды. Артынан жазықсыз халықты толығымен қоныс аудару үшін құрлық операциясы бастады.
Бомбалау кезінде Түркия шекарасындағы ауыл мен аудандарда нысанаға алынды.
Босқын лагерлері де бар Сирияның Обин, Наджийе, Бидама ауылдары тығыз түрден бомбаланды.
Аймақта бомбалаудан қашқан жүздеген жанұя шекарадағы Ямади лагеріне ұласты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар