Ауғанстанда бомбалы шабуыл
Талибан мүшесі террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста 9 адам қаза тапты.
329351
Ауғанстанның солтүстігіндегі Джевизжан уәлаятының Каркин ауданында Талибан мүшесі террористтер мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста біреуі полиция қызметкері 9 адам қаза тапты.
Террористтердің Каркиннің Динар ауылындағы полиция бекетіне шабуылдауы нәтижесінде шыққан қақтығыста 4 полиция қызметкері де жарақат алды.
Елдің солтүстігіндегі Бағлан мен Сар-и Пул уәлаяттарында да екі күн бұрын Талибан ұйымдастырған екі бөлек шабуылда 5 адам қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады
Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде айтылды.