АҚШ-та аnthrax вирусы жанжалы жалғасуда

АҚШ армиясы қателікпен аnthrax вирусы жіберілген штат санының артқанын мәлімдеді.

292772
АҚШ-та аnthrax вирусы жанжалы жалғасуда

АҚШ армиясы Оңтүстік Кореяға қоса Канада мен Австралияға да қателікпен аnthrax бактериясын жіберді.
Тақырыппен байланысты АҚШ Қорғаныс министрі орынбасары Роберт Ворк мәлімдеме жасады.
Ворк Пендагонда өткен баспасөз жиналысында 'Сібір жарасы' деп аталған жұқпалы ауруға себеп болатын актив аnthrax (жамандат) бактериясы жіберілген штат санының 17, лаборатория санының болса 51-ге жеткенін білдірді.
Министр орынбасары бұл қателік себепті кезкелген мекемелік бір риск жоқ екенін атап көрсетті.
Мұның алдында 9 штаттағы лаборатория мен бір елдегі әскери базаға қателікпен жамандат бактериясы жіберілгені мәлімденген болатын.
Денсаулық сақтау қызметтері басқармасына қарасты Науқас сақтандыру және бақылау орталығы оқиғамен байланысты ашқан тергеуін жалғастыруда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар