Украинаның шығысында екі орыс әскері ұсталды

Украинаның шығысында ресейшіл жікшілдермен қақтығысқан ерікті украин әскерлер орыс әскерлерін қолға түсірді.

278672
Украинаның шығысында екі орыс әскері ұсталды

Террормен күрес орталығының мәлімдемешісі Андрей Лисенко елдің шығыс аймағындағы операциялар барысында ерікті әскерлердің Луганск маңындағы Счастве ауданында 2 орыс әскерін қолға түсіргенін жариялады. Мәлімдемеші орыс әскерлердің тергеуге алынғанын білдірді.
Атысты тоқтатуға қарамастан соңғы 24 сағаттың ішінде ресейшіл жікшілдердің армия жасақтарына қарсы шабуылдарын арттырғанын атап көрсеткен Лисенко аймақтағы дағдарыстың жалғасқанын айтты.
Ресейшіл жікшілдердің ауыр қарулар қолданғанын және 10 тұрғын аймағына шабуылдағанын мәлімдеген Лисенко 17 әскердің де жарақат алғанын атап айтты.
Белоруссияның астанасы Минскте Германия, Франция, Украина және Ресей басшыларының Украинаның шығысында атысты тоқтатуды қамтамасыз етуге байланысты өткен жиналысының артынан аймақта 15 ақпан күнінен бастап атысты тоқтату кезеңі басталды.
Осыған қарамастан тараптар арасында қақтығыста жалғасуда. Атысты тоқтату тапшылықтары үшін тараптар бір-бірін айыптауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар