Коалиция күштері Каир қорғанына әуе шабуылы жасады

Йеменде коалиция күштерінің шиіт хоуситтерге бағытталған операциялары жалғасуда.

269541
Коалиция күштері Каир қорғанына әуе шабуылы жасады

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар төңкерілген президент Али Абдуллах Салих жақтаушылары мен шиіт хоуситтер тарапынан штаб пәтер ретінде қолданылған Каир қорғанына 5 әуе шабуылы жасады.
Таиз қаласындағы шабуылдардың артынан аймақтан қалың тұман көтерілгені байқалды.
Хоуситтер болса «Аденнің жүрегі» деп аталған стратегиялық маңызға ие Кратер ауданын бақылауға алғандарын жариялады.
Басқа жағынан Марокко армиясы коалиция күштерімен қозғалған бір F-16 жойғыш ұшағының жоғалғаны білдірілді.
Хоуситтердің Йемендегі жылжуын тоқтату үшін Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция 26 наурыз күні «Табандылық бораны» атты әуе операциясын бастаған болатын.
Йеменде Хади әкімшілігінің операциялық жәрдем сұранысымен басталған шабуылдардың 21 сәуір күні жойылғаны жарияланып, Йемен халқы үшін енді «Үмітке оралу» операцияның басталғаны мәлімденген еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар