Идлиб қаласында Асадқа қарасты 70 режим әскері өлтірілді

Оппозиционерлер режим күштеріне тиесілі 4 танк пен көптеген көліктің де жойлғанын білдірді.

269561
Идлиб қаласында Асадқа қарасты 70 режим әскері өлтірілді

Сириялық оппозиционерлердің Фатх армиясына қарасты күштері Идлибтің Джиср эш-Шуғур ауданында Ватан ауруханасы комплексінің қоршауынан құтылуға тырысқан режим әскерлерімен қақтығысып, араларында Хизбулла мүшелері де бар 70 әскерді өлтіргендерін жариялады.
Оппозиционерлер Кафр, Каркур және Фрейк ауылдарынан Джиср эш-Шуғурға қарай жылжуға тырысқан Асад күштеріне тиесілі 4 танк пен көптеген әскери көлікті де жойғандарын білдірді.
Оппозициялық топтар Фатх армиясы атымен сәуір айында Идлибке ортақ шабуыл ұйымдастырып, қала орталығын толығымен бақылауға алған болатын.
Осы жерден қашқан 250 шақты Асад әскері болса қала маңында орналасқан және 4 жылдан бері әскери штаб ретінде қолданылған Ватан ауруханасы комплексін паналаған болатын.
Сириядағы ішкі қақтығыстар басталған 2011 жылдың наурыз айынан бері Идлиб және ауылдық аймақтарында кем дегенде 14 мың адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар