БҰҰ Йеменде артқан шабуылдарға қарасты мәлімдеме жасады

Йеменде 140-тан астам адам қаза тапқан шабуылдар БҰҰ-ның күн тәртібінде.

276838
БҰҰ Йеменде артқан шабуылдарға қарасты мәлімдеме жасады

Қауіпсіздік Кеңесі елде Хусилердің ілгерілеуі және елбасы Мансур Хадидің халықаралық қоғамнан жәрдем сұранысымен жедел түрде жиналды.
Хусилердің саяси кезеңге қауіп төндірген бастамалары айыпталған жиналыста Кеңес шешімдеріне бағынбаған жағдайда одан әрі қадамдар басылатыны атап көрсетілді.
Кеңес жиналыстың артынан жариялаған декларацияда елбасы Хадидің елінің заңды басшысы екені жарияланды.
Декларацияда тараптар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттер Йеменнің бірлігі мен егемендігіне зиян келтіретін әрекеттерден бас тартуға шақырылды.
БҰҰ Йемен арнайы өкілі Джемал ибн-Өмер елінің ішкі соғысқа бет алғанын, ешбір топтың елде жалғыз өзі билік құра алмайтынын атап көрсетті.
Йеменде шиіт Хуси тайпасына қарасты қарулы топтар елдің үшінші үлкен қаласы қолға түсірді.
Таизде ұйым мүшелеріне елбасы Али Абдуллах Салих жақтаушылары да қолдау берді.
Қалада Хусилер мен Салихке қарсы шыққан мыңдаған адам ұйымдастырған шерулерде 1 адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар