ЕО Ресейді айыптады

ЕО Қырым аннексиясын қабылдамайды.

266373
ЕО Ресейді айыптады

Еуропа Одағы Ресей Қырымға әскери жинап жатыр деп айыптады.


ЕО сыртқы істер жоғары комиссары Федерика Могерини Қырымда «адам құқықтары бұзылуда» деп алаңдайтындарын білдірді. Оның айтуынша, ЕО Қырым аннексиясын қабылдамайды.


Могерини Қырым және Севастополь аннексиясының халықаралық құқықты бұзушылық деп атады және мемлекеттердің территория тұтастығы және егемендік принцибіне назар аударды.


Жоғары комиссар Қырымда сөз бостандығы шектелгенін, азшылық халықтың тұтқынға алынғанын айтты.


Ол Қырымның халықаралық бақылаушыларға ашылуын талап етті.


Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан болса қарсы айыптау келді. Лавров Вашингтон егер Украинаға қару жолдауға шешім қабылдаса, «бұл ақпан айында іске қосылған Минск бітімін жояды» деп қорқытты.


Осы арада Ресейдің елдің оңтүстігіндегі, НАТО-ның да Қаратеңіздегі әскери жаттығулары жалғасуда.


Ресей айырықша Солтүстік Мұзды мұхитта бес күндік жаңа оқу-жаттығу бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар