Шығанақ Ынтымақтастық Кеңесінен БҰҰ-на шақыру

Шығанақ ынтымақтастық кеңесі сыртқы істер министрлері Эр-Риядта жиналды.

219174
Шығанақ Ынтымақтастық Кеңесінен БҰҰ-на шақыру

Шығанақ ынтымақтастық кеңесі Сыртқы істер министрлері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Йеменге әскери операция күші жіберуге шақырды.
Йемендегі соңғы жағдайды қолға алу үшін кеше Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта басқосқан Сыртқы істер министрлері Йеменге берген қолдауларын қайталады.
Шиіт Хусилердің шабуылдарын қабылдамағандарын атап айтқан министрлер БҰҰ келісімдерінің әскери операцияға рұқсат берген 7-ші тарауының іске қосылуын талап етті.
БҰҰ келісімінің 7-ші тарауы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау немесе қайта орнату мақсатты әуе, теңіз немесе құрлық күштері арқылы қажетті әртүрлі бастамаларды қамтиды.
Йемендегі қызудың артуы Түркия Сыртқы істер министрлігін қозғады. Министрлік Йеменге саяхат ескертуін қайталады.
Министрлік Йемендегі түрік азаматтарының тез арада елден кетуін және міндетті болмайынша бұл елге бармауларын талап етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар