Иран ғарышқа жер серік ұшырды

Жер серігі орбитаға орналасты.

207119
Иран ғарышқа жер серік ұшырды

Иран жаңа жер серігін ғарышқа жіберді.


Иран мемлекеттік телеарнасы “Fecr” атты жер серігінің сәтті түрде жер орбитасына орналастырылғаны туралы жариялады.


Иран Қорғаныс министрлігі жер серігінің құрылысының толығымен Иран тарапынан жүргізілгені туралы мәлім етті, бірақ жер серігінің нысанына қатысты мәлімет берген жоқ.


Халықаралық байқаушылар Иранның жер серігі жұмыстары ядролық оқтұмсықтарды таситын зымыран дайындауға қолданылады деп алаңдаушылық білдіруде.


Иран болса ядролық оқтұмсықтарды және ғарыш жұмыстарының бейбіт мақсатты екендігін айтып, ақталып отыр.


Иран алғаш отандық байланыс жер серігін 2009 жылдың ақпан айында ғарышқа жіберген болатын.


Алғаш байланыс жер серігі ұшырған күнді “Жер Серігі Күні” деп жариялаған Иран 2020 жылына дейін тұңғыш ғарышкерін де жіберуді мақсат етуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар