24-ші Африка Одағы басшылар саммиті аяқталды

Африка Одағы 24-ші басшылар саммитінде басшылар құрлықтағы террормен күрес және келісімсіздіктерді шешу тақырыбында келісті.

205271
24-ші Африка Одағы басшылар саммиті аяқталды

Эфиопияның астанасы Аддис Абабада жүзеге асқан Африка Одағы 24-ші басшылар саммитінде басшылар құрлықтағы террормен күрес және келісімсіздіктерді шешу тақырыбында келісті.
Аяқталған саммиттің 25-ші жиналысының келесі жылы Оңтүстік Африкада өткізілуіне шешім қабылданды.
«террормен күрес», «Ливия дағдарысы», «эбола індетімен күрес» және «әйел құқы» сияқты тақырыптар қолға алынған саммитте Орташығыс мәселесінде Палестинаға толық қолдау көрсетілді.
Африка Одағының биылғы кезекті төрағалығын жүргізген Зимбабве елбасы Роберт Мугабе саммиттің жабылу баяндамасын жасады. Мугабе айтқан сөзінде Марокко мен Батыс Сахара тақырыбында келісімсіздік жалғасқан «Сахара Демократиялық Араб Республикасы» арасында мәселені шешуге шақыру тастады.
Ел басшылары қатысқан саммитте Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік жасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар