BBC-дің хабар тарату принциптері жаңаланды

BBC Әз. Мұхаммедті суреттейтін көріністерді қолдануға тыйым салынатын принциптерді өзгертті.

184234
BBC-дің хабар тарату принциптері жаңаланды

BBC Әз. Мұхаммедті суреттейтін көріністерді қолдануға тыйым салынатын принциптерді өзгертті.


Ағылшын медиа органы BBC Анадолы агенттігі тілшісінің сұрақтарына жауап берді. Әз. Мұхаммедті суреттейтін көріністерді қолдануға тыйым салған ішкі хабар тарату принциптерін өзгерту шешімін қабылдау туралы аталмыш медиа органының Коммуникация жауаптысы Джеймс Савоурс «Бұл принциптер ескі. Өтімділігі қалмады. Хабар таратудың осы принциптері BBC-дің бағдарлама продюссерлерінің шешімінің іске асырылуы бағытында өз еріктері бар екенін көрсетеді. Хабар тарату принциптері қазір жаңалануда» деді.


Ағылшын The Telegraph газетінде жарияланған бір хабарда BBC-дің бұдан бұрын интернет парақшасында орын алған және Әз. Мұхаммедтің еш суреттелмеуі керектігі жөніндегі принциптеріне қарамастан өткен апта шабуылға ұшыраған «Charlie Hebdo» атты журналдың осында карикатураларды жариялағаны еске салынды.


Хабарда ВВС-дің Әз. Мұхаммедтің суреттелмеуі жөніндегі тыйымын «үнсіз» ғана алып тастағаны атап көрсетілді.


ВВС болса аталмыш тыйымның өткен аптада Парижде болған шабуылдан бұрын алынып тасталғанын алға тартты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар