Болгарияда жауған қардың салдарынан 3 адам қаза тапты

Болгарияның солтүстік батысында төтенше жағдай жарияланды.

166388
Болгарияда жауған қардың салдарынан 3 адам қаза тапты

Болгарияның солтүстік батысында жауған қарқынды қар мен боран себепті 3 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Елдің солтүстік батысындағы Монтана, Вратса және Ловеч қалаларында төтенше жағдай жарияланды.
Лауазымдылар төтенше жағдай жарияланған қалаларда көптеген тұрғын аймаққа электр жүйесі беріле алмағанын, көптеген жолдың көлік қатынасына жабылғанын, жолда қалған жүздеген азаматтың болса әскери көліктермен құтқарылғанын атап көрсетті.
Аймақтық өркендеу және қала министрі Лилияна Павлова азаматтарға ескерту жасады. Көлік жүргізушілерді дөңгелектерін шынжырмен байлап, жанармайы аз көлік айдамауға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар