Ирак армиясы ИШИМ-нің бақылауындағы Әл-Вефа ауылын қайтарып алды

Операцияға жауапты генерал лейтенант Зия Казым мәлімдеме жасады.

155427
Ирак армиясы ИШИМ-нің бақылауындағы Әл-Вефа ауылын қайтарып алды

Ирак армиясының террор ұйымы ИШИМ-нің бақылауындағы Анбар уәлаятына қарасты Әл-Вефа ауылын қайтарып алғаны білдірілді.
Анварға қарасты Әл-Жазира мен Әл-Бадийедегі операцияларға жауапты генерал лейтенант Зия Казым ауылдың Рамадиді Сирия мен Йордания шекарасына байланыстырған жалғыз бағыт болуы себепті стратегиялық маңызы бар екенін атап «Вефаның алынуы, шығыстан Хет ауданын құтқару үшін маңызды бастама орны болып қабылданады» деді.
Казым операцияда 27 ИШИМ мүшесінің жансыз қолға түскенін, ұйымға тән үш қарулы көліктің де жойылғанын атап көрсетті.
Басқа жағынан Салахаттин қаласындағы операцияларды жүргізген әскери ақпарат көздеріне қарағанда армия күштері мен шиіт еріктілерден құрылған Әл-Хашдуш-Шаби атты ұйымның мүшелері Тикриттің 100 шақырым оңтүстігінде ИШИМ-нің бақылауындағы Йесриб ауылы төңірегіндегі кейбір тұрғын аймақтар мен егістіктерді кері қайтарды.
Иракта ИШИМ басшылығындағы қарулы топтардың маусым айында Мосулдан бастап, кейбір аймақтарды бақылауға алуының артынан басталған қақтығыстар жалғасуда. АҚШ басшылығындағы коалиция күштері жойғыш ұшақтармен Ирак армиясы және Пешмергеге қолдау береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар