БҰҰ жәрдем жөнінде үндеу тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үлкен жердем үндеуін тастады.

141648
БҰҰ жәрдем жөнінде үндеу тастады

БҰҰЖенева офисінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БҰҰ Босқындар жоғарғы мәртебелі басшысы Антониу Гутерреш және БҰҰ төтенше жағдай басшысы Валерие Амос апат және соғыстардан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 2015 жаһандық гуманитарлық жәрдем жоспарын жариялады.
Жиналыста Амос келесі жылы Сирия, Ирак, Орталық Африка Республикасы және Оңтүстік Судан баста болып 22 елде 57,5 миллион адамға 16,4 миллиард долларлық жәрдем беретінін айтты.
БҰҰ Босқындар жоғарғы мәртебелі басшысы Антониу Гутерреш болса «Өткен жылы Сирия үшін жасаған жәрдем үндеуінің қаржылай жартысы жүзеге асты» деді.
Түркияның жәрдем беру жөнінде жомарт ел екенін айтқан Гутерреш «Түркия сириялықтар үшін 4,5 миллиард доллардан көп ақша жұмсады» деді.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар