Сирия мен Иракта ISIS-ке қарсы жасалған операцияларға ат қойылды

Операциялар ‘Қайтпас жігер’ деп аталады.

159300
Сирия мен Иракта ISIS-ке қарсы жасалған операцияларға ат қойылды

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM), АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің Сирия мен Иракта ISIS террор ұйымы нысаналарына бағытталған операцияларды ‘Қайтпас жігер’ деп атағандарын жариялады.

Қолбасшылық жасаған мәлімдемеде «Операцияның аты ISIS-ке қарсы 8 тамыз күні Иракта жасалған алғашқы әуе шабуылдарынан бастап, ISIS-пен байланысты барлық операцияларымызды қамтиды» делінді.
Қойылған аттың коалиция мүшелерінің аймақтағы достарымен жақын жұмыстануына бағытталған ынта мен пидақорлықтың символикалық көрсеткіші екені білдірілді. Сондай-ақ мәлімдемеде ISIS-ті әлсіретіп жою мақсатты дипломатиялық, информациялық, әскери және экономикалық тұрғыдан барлық ұлттық күштің қолданылатыны деген мағынаға келгені де атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар