Газада қаза тапқандар саны 2 мың 149-ға жетті

Қаза тапқандар арасында 579 бала бар

113812
Газада қаза тапқандар саны 2 мың 149-ға жетті

Израильдің Газа секторына шабуылдарында жараланған палестиналықтардың тағы біреуі қаза тапты.
Израильдің 7 шілде күні басталған және 26 тамыз күні тұрақты атысты тоқтатуға дейін жалғасқан шабуылдарда қаза тапқандар саны 2 мың 149-ға жетті.
Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі дәрігер Эшреф эл-Кудра Анатолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде Израильдің Газаға бағытталған шабуылдары кезінде ауыр жарақат алған палестиналық Насыр Әбу Мерахилдің ем қабылдағаны ауруханада қаза тапқанын білдірді.
Израильдің 51 күнге жалғасқан шабуылдарының артынан Мысырдың бітімгерлігінде Каирде жүргізілген ‘атысты тоқтату’ келіссөздерінде палестиналық топтармен жасалған келісім аясында 26 тамыз күні ‘атысты тоқтату’ шешімі қабылданған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар