АҚШ Украинадағы босқындар конвойына жасалған шабуылды айыптады

Украина мен Ресей оқиғаға байланысты бірін-бірі айыптап отыр

95902
АҚШ Украинадағы босқындар конвойына жасалған шабуылды айыптады

АҚШ Украинада босқындарды тасымалдаған конвойға жасалған шабуылды айыптады.
Мәлімдемені АҚШ сыртқы істер министрлігі баспасөз өкілі Мари Харф жасады.
Мәлімдемесінде шабуылда туыстары қаза тапқандарға көңіл айта отырып, Харф екі жақтың да жазықсыз адамдарды қорғауға күш жігер салуы керектігін білдірді.
Харф қаза тапқан ондаған адамның соғыстың құрбандары екенін еске сала келіп, шабуылды қай жақтың жасағаны туралы нақты мәлімет жоқ екенін айтты.
Шабуылға байланысты Украина үкіметі мен Ресейшіл жікшілдер бір-бірін айыптап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар