АҚШ-тан Ресейге жаңа санкциялар

Жаңа санкциялар энергетика, қорғаныс пен қаржы секторларын қамтиды

74440
АҚШ-тан Ресейге жаңа санкциялар

Ақ Үйде баспасөз мәлімдемесі жасаған Барак Обама Мәскеу үкіметіне АҚШ-тың санкцияларының күшейтілгенін, әсіресе қорғаныс, энергетика мен қаржы секторларын нысанаға алған шешімдер қабылданғанын білдірді.
Ресейдің халықаралық қауымнан өзін оқшаулап отырғанын қайталап айтқан Обама бұл дағдарыстың жаңа бір суық соғыс емес екеніне де назар аударды.
Обама АҚШ мен Еуропа елдерінің алған шешімдерінің Ресей экономикасына үлкен әсері болатынын ескертті.
Мәскеуге сын-ескертпелерін жалғастырған Обама Ресейдің Украинадағы жікшілдерге қару-жарақ беріп, әскери білім беруді жалғастырып отырғанын да айтып кетті.
Ал АҚШ Қазына министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің 3 мемлекеттік банкінің санкция тізіміне алынғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар