Еуроодақ сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Ресейге қарсы санкцияларды күшейту мәселесі талқыланды

67729
Еуроодақ сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Еуроодақ сыртқы істер министрлері Украинада атып түсірілген жолаушылар ұшағы оқиғасынан кейін Ресейге санкцияларын күшейту мақсатымен кеше Брюссельде бас қосты.
300-ге жақын жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан оқиғадан кейін бірінші рет бас қосқан министрлер ұшақтың атып түсірілуіне тікелей немесе жанама қатысы бар елдер мен адамдардың әділет алдында жауапқа тартылуы керектігін білдірді.
Мәскеуге экономикалық санкциялар жасауға әлі бастай алмай отырған министрлер тек қана кейбір жекелеген адамдар мен ұйымдар орын алған тізімнің әзірленуін тездетуге келісті.
Әзірліктер осы айдың аяғына дейін бітетін болса Қырымның Ресейге қосылуынан және Шығыс Украинадағы тұрақсыздықтан пайдаланып отырған жекелеген адамдар мен ұйымдарға қарсы санкциялар күшейтілетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар