АҚШ Бағдаттағы елшілік қызметкерлерін көшіре бастады

Елшілікте қауіпсіздік күштерінің санын арттырды

96004
АҚШ Бағдаттағы елшілік қызметкерлерін көшіре бастады


Ирактағы ИЛИМ шабуылдарына орай АҚШ үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Вашингтон Бағдаттағы АҚШ елшілігінің жұмыстарының жалғаса беретінін, бірақ елшілік қызметкерлерінің бір бөлігінің басқа жаққа көшірілгенін мәлімдеді.
АҚШ сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактағы соңғы жағдайға байланысты Бағдаттағы АҚШ елшілігінің кейбір қызметкерлерін Басра, Эрбил мен Аммандағы консулдықтарға жіберілгені білдірілген.
АҚШ қорғаныс министрлігі де Бағдаттағы елшілікте қауіпсіздік күштерінің санының арттырылғанын хабарлады.
Пентагон елшілік қызметкерлері талап еткен жағдайда оларды әкету үшін бір ұшақтың әзір тұрғанын мәлімдеді.
АҚШ үкіметі Тикритте 1700 шиит әскердің ИЛИМ сепаратистері тарапынан өлтірілгені туралы хабардың анықталмағанын білдірді.
Вашингтон Ирак халқын ИЛИМ террорына қарсы бірігіп соғысуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар