БҰҰ Украина әскери ұшағының құлатылуын айыптады

Луганскта құлатылған әскери жүк ұшағы оқиғасы қатаң түрде айыпталды

95422
БҰҰ Украина әскери ұшағының құлатылуын айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги Мун Украинаның бір әскери жүк ұшағының орыс жақтаушылары тарапынан Луганскта құлатылуын «қатаң» түрде айыптады.
БҰҰ Бас хатшылысының мәлімдеме кеңсесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Пан Украинада адам шығындарының артуы мен гуманитарлық жағдайдың нашарлауының, қақтығыстарды дереу тоқтату және мәселені диалогпен шешуді қажет еткені атап көрсетілді.
Женевада жүзеге асқан дипломатиялық шешім талпыныстарының нәтиже бермеуіне қатты алаңдағандарын атап айтқан Пан барлық тараптардан Женевада 17 сәуірде жасалған келісімге бағынуын талап етті.
Украина президенті Порошенко мен Украина халқына қолдау мәлімдемесі жариялаған Пан «Барлық тараптар Украинаның шекара тұтастығы мен егемендігінің қамтамасыз етілуі үшін өз жауапкершілігін орындауға тиісті» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар