Қытайдағы кен апатында бір адам мерт болды

Қытайда екі мың шағын көмір кені жұмыс қауіпсіздігі себепті жабылады.

80991
Қытайдағы кен апатында бір адам мерт болды


Қытайдың солтүстігіндегі Хыбей уәлаятындағы бір көмір кенін су басты. Алашқы анықтамаларға қарағанда бір адам қаза тапты.
Шинхуа хабар агенттігі уәлаяттың Шиңтай қаласындағы Шиандыуаң көмір кенінде болған апатта 5 адамның кенде қамалып қалғаны білдірілді.
Су тасқыны кезінде кенде жұмыстанған 8 жұмысшының қашып шыққаны, қамалып қалған жұмысшыларды іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.
Әлемдегі ең ауыр кен апаттары болып тұратын Қытайда қауіпсіздік шараларының жетерсіздігі себепті көптеген өлімшіл кен апаттары болуда.
Қытайда 2015 жылға дейін екі мыңдай шағын мөлшердегі көмір кенінің жұмыс қауіпсіздігі себепті жабылатыны жарияланды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар