ЛУГАНСКТА ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНБАЙДЫ

Осы арада ресейшіл топтардың Донецктегі үкіметінің Қорғаныс министрі Игорь Какидзянов қамауға алынды.

64655
ЛУГАНСКТА ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНБАЙДЫ

Украина Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті тойлап жатыр. Ал елдің шығысындағы Луганск қаласында ресейшіл топтар мереке өткізбейтіндерін мәлімдеді.
Қаладағы Ресейді қолдайтын топтардың басшысы Валерий Болотов қалада қақтығыс шығуының алдын алу мақсатымен осында шешім қабылдағандарын айтты.
Осы арада ресейшіл топтардың Донецктегі үкіметінің Қорғаныс министрі Игорь Какидзянов қамауға алынды.
Украина Қорғаныс министрі Арсен Аваков Украина полициясының Жеңіс күні мерекелік іс-шарасында шығуы мүмкін әртүрлі оқиғаға қарсы дайын екенін айтты.
Украина үкіметі елдің шығысында бөлшектеуші топтарға қарсы әскери операцияның жалғасатынын және Донецк пен Луганскта 11 мамырда тәуелсіздік референдумын өткізбеу үшін қолдарынан келгенді істейтіндерін жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар