Қазақстан мен Түркия биыл бірлескен әскери жаттығу өткізеді
Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның бірлескен «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы өтеді.
Қазақстан мен Түркия биыл «Қабылан жолы-2024» деген атпен бірлескен әскери жаттығу өткізеді.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, биыл Қазақстан Қорғаныс министрлігі бірқатар халықаралық әскери оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Осы тұрғыда Қазақстан мен Түркия Қарулы күштері арасындағы «Қабылан жолы-2024» бірлескен әскери оқу-жаттығуына қоса Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның бірлескен «Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы өтеді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Бейбітшілік күштерінің «Мызғымас бауырластық» бірлескен оқу-жаттығуы биылғы жылдың күзінде Қазақстанда өтеді.
Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь елдерімен екіжақты бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлаған Қазақстан Қарулы Күштері Каспий теңізі елдерінің (Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Ресей) бірлескен әскери-теңіз жаттығуларына да қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.