Мұсылман кинофестивалы басталды

12-ші Халықаралық Мұсылман кинофестивалы Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда басталды.

565425
Мұсылман кинофестивалы басталды

12-ші Халықаралық Мұсылман кинофестивалы Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда басталды.

Фестивальдің ашылу салтанатына Ирандық режиссер Меджит Меджидинің «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты фильмі таныстырылды.

Фестиваль Ресей және әлем халқына мұсылмандар мен Ислам діні жөнінде дұрыс мағлұмат және объектив пікір беру мақсатымен өткізіліп келеді. Биылғы фестивальде 33 елден 60 фильм бақ сынайды.

Қазылар алқасын орыс режиссер Александр Прошкин басқарады. Қазылар алқасында Сыддык Вармак, Усман Саппаров, Юсуф Разыков пен Валерий Себастьянов орын алуда.

11 қыркүйек күні аяқталатын фестивальге Түркияның атынан анимация аталымында Бурак Бабаигиттің «Қара», қысқа метражды деректі фильм аталымында болса Орхан Деденің «Lanorde” фильмі қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар