Чернобыль апаты

Жер шары - ортақ үйіміз 48

396911
Чернобыль апаты

Радиация тарағанда биосфераның қайсы бөлімін улайтынын, жанды қандай, қанша уақытқа дейін және қай мөлшерде зиян келтіретінін алдын ала білу мүмкін емес. Міне, бұл себептен ғалымдар Чернобыльдың шынайы зиянын зерттеу үшін халықаралық жәрдемнің шарт екенін, ақпараттың баршамен бөлісуін және Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (WHO) тәуелсіз түрде жауапкершілік алу керек екенін алға тартуда.
Ресейде зерттеу жүргізген және жүз мыңдаған ақпарат көзін тексерген ғалымдардың кейбіреулері Чернобыль апатында радиациялық әсердің Азиядан Еуропаға дейін өте кең бір алаңға тарағанын және өлімдердің қазірге дейін 900 мыңға жеткенін алға тартады. Жаңа зерттеулер аясында бұл санның 1 миллионға жететіні көзделеді. Апаттың елімізге қалдырған болымсыз әсерінің дәлелдері болса Қаратеңіз аймағында байқалған кезкелген жанұяда кездескен ісік ауруы оқиғалары мен Қаратеңіз жағалауларында 25 жылдан кейін жасалған өлшемдер негізінде ортаға шыққан цезий-137.
Көптеген адамның санасында Чернобыль апаты жаман бір естеліктен гөрі, одан көп мағынаға келеді. Апат Украинада бір ұрпақтың өміріне, үйлеріне және үміттерінің жойылуына себеп болды. Әлі кейінгі ұрпақтарда да апаттың іздері жаңа туылатын нәрестелерде өзін-өзі көрсететін болады.
Өткен ақпан айында «Daily Mirror» газетінде жарияланған бір хабар апаттың ауқымының осымен шектеулі қалмағанын ортаға қойды. Ғалымдар Чернобыль атом станциясы айналасында ұшып жүрген құстардың миларының кішірейгенін анықтаған болатын. Оңтүстік Каролина университеті мен Париж университеті ғалымдары тарапынан жүзеге асырылған зерттеу нәтижелері алдымен Плос ғылыми журналында жарияланған болатын. Газет хабарды таратқан соң әлемнің күн тәртібіне қайта келді. Зерттеуге қарағанда, құстардың ішкі органдары радиациядан қатты зақымдалуда. Негізі қоршаған орта апаттарында дене алдымен миды қорғауға алады, бұл себептен де ең аз бұл органға зиян тиеді. Бұған қарамастан, Чернобыльдың айналасында құстардың миларының басқалармен салыстырғанда 5 пайызға кішірейгені анықталды.
Бүгін Чернобыльді еске алып, “атом станциялары жайлы қайта ойланайық” дегіміз келеді. Жоғалтқандарымызды қайта қалпына келтіруіміз мүмкін емес. Жаңа атом апаттарын көтеруіміз де мүмкін емес. Станциялардың пайдасы үшін осынша құндылықтан айырылуға бола ма? Сіз қалай ойлайсыз?


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар