ТРТ Тарих

МАҢЫЗДЫ САТЫЛАР

  • 1 Мамыр 1964
    359 нөмірлі заңның іске қосылуымен ТРТ құрылды және радио арналары ТРТ әкімшілігіне берілді.
  • 31 Қаңтар 1968
     
    ТРТ Анкара телеарнасы сынақ эфирлерін бастады.
  • 9 Қыркүйек 1974
    Түркия радиолары ТРТ-1 деген атпен 24 сағат эфирге шыға бастады.
  • 17 Сәуір 1979

    ТРТ алғаш рет «23 Сәуір Халықаралық Балалар Фестивалін» ұйымдастырды және 27 Еуропа телеарнасы тікелей эфирден жариялады.
  • 6 Қазан 1986

    ТРТ-2 телеарнасы эфирлерін бастады.
  • 2 Қазан 1989

    ТРТ-3 және ТРТ-ГАП теле арналары эфирге шыға бастады.
  • 28 Ақпан 1990

    Тұңғыш халықаралық арна болып табылатын ТРТ-ИНТ Еуропаға жариялана бастады.
  • 30 Шілде 1990

    Ағартушы теледидар арнасы ТРТ-4 Измирде эфирге шыға бастады.
  • 3 Желтоқсан 1990
    ТРТ «Телегүн» атты телетексті жариялады.
  • 27 Сәуір 1992
    ТРТ Еуразия арнасы Түркі Республикаларына бағытталған эфирлерін бастады.
  • 14 Қараша 1998
    Берлинде ТРТ.нің алғашқы ресми кеңсесі қызметін бастады.
  • 5 Қаңтар 1999
    Сандық Хабар Тарату Технологиялары Орталығы (SAYTEK) құрылды.
  • 1 Mамыр 1999

    ТРТ.нің интернет веб порталы қызметін бастады.
  • 15 Шілде 1999:
    ТРТ-FM және Түркия Үні радиосы бағдарламалары Аустралиядан да тыңдала бастады.
  • 25 Шілде 1999
    ТРТ-ИНТ телебағдарламалары Аустралия құрлығы мен Жаңа Зеландиядан да тамашаланады.
  • 20 Қыркүйек 1999:
    Түрікменстанда ТРТ.нің Ашхабат кеңсесі құрылды.
  • 6 Желтоқсан 1999

    Радио-4 Түрікше музыканы кеңінен тарату мақсатымен трансляциясын бастады.
  • 7 Маусым 2000
    ТРТ-ИНТ, Түркия Үні Радиосы (TSR) және ТРТ-FM (Radyo 2) эфирлері Америка Құрама Штаттары және Канадаға жетті.
  • 31 Қаңтар 2001

    ТРТ теле арналары жаңа куәлік және жаңа нышандармен жаңаланды.
  • 2 Маусым 2001:
    ТРТ.нің Әзірбайжан Баку кеңсесі ашылды.
  • 16 Маусым 2001:
    ТРТ.нің Мысыр Каир кеңсесі ашылды.
  • 1 Маусым 2002:
    ТРТ Оңтүстік Корея мен Жапония Сеул мен Токиода бірге ұйымдастырған, түрік ұлттық футбол құрама командасы да үшінші орын алған Әлем Футбол Чемпионатын жарысқа мекен болған елдердің түсіргендерін тікелей жариялаумен бірге өз түсіргендерін де тікелей трансляцияға қосып, көрерменге жеткізді. Қысқаша аты EBU/UER болып табылатын Еуропа Хабар Тарату Одағы тарихында алғаш рет чемпионаттың трансляция хақтарын сатып ала алмады.
  • 25 Маусым 2002:
    ТРТ.нің шетелдегі бесінші кеңсесі Бельгияда, Брюссельде ашылды.
  • 2 Шілде 2002

    ТРТ Туризм Радиосы 24 сағат үздіксіз эфир жариялай бастады. Анталия Ларадағы студиоларынан тыңдармандарына жеткен радио ағылшынша, французша, немісше, орысша және грекше хабар таратады.
  • 8 Тамыз 2002:
    ТРТ.нің шетелдегі алтыншы кеңсесі Америка Құрама Штаттарында, Вашингтонда ашылды.
  • 24 Мамыр 2003:
    ТРТ, еліміз атынан қатысқан 48-ші Eurosion Ән Сайысында Сертап Еренер шырқаған “Every Way that I can” атты әнімен бірінші орын алды.
  • 12 Мамыр 2004:
    49-шы Eurovision Ән Сайысы Стамбулда еліміз бен мекемеміздің ұйымдастыруымен алғаш рет екі сатылы түрде жүзеге асырылды, 36 елге тікелей трансляция жасалды.
  • 20 Қаңтар 2004:
    Türksat 1C жасанды серігінің Түркия Еуропа ауқымды батыс жарығынан, ТРТ-1, ТРТ-2, ТРТ-3, ТРТ-4 және ТРТ-INT телеарналарымен бірге барлық радиохабарларынан тұратын ТРТ құрылымдық эфиріміз басталды.
  • 3 Қараша 2004:
    ТРТ интернет порталы (trt.net.tr) жаңа дизайны және жақсартылған инфрақұрылымымен жаңаланып қызметке кірді. Осы аяда мазмұны толықтырылды, қарауы жеңіл, жылдам және түсінікті, теледидар, радио бағдарламаларының таныстырылуына орын берілді, көрермендер бағдарламалармен танысу үшін мәтіндер қойылды.
  • 14 Желтоқсан 2004:
    ТРТ-TURK TV ve TSR- Түрікше Радио Türksat 1C серігінен Түркия Орталық Азия ауқымды шығыс жарығынан сандық түрде жариялана бастады.
  • 24 Маусым 2005:
    ТРТ.нің шетелдегі жетінші кеңсесі Өзбекстанда Ташкентте ашылды.
  • 10 Тамыз 2005:
    Халықаралық Измир Унивесиада Олимпиада Ойындары ел іші және шетелге табысты түрде трансляция жасалды.
  • 1 Қараша 2005:
    ТРТ - (ABU) Азия Тынық Мұхит Хабар Тарату Одағы Asıavısıon келісіміне қол қойды.
  • 22 Маусым 2006:
    Buena Vista Халықаралық Телеарнасымен жасалған келісім аясында, Walt Disney’ге тиісті мультфильм, кино фильмдерінің Түркиядағы жариялану хақтарын төрт жыл мерзіммен ТРТ алды.
  • 16 Наурыз 2007:
    2010–2014 Әлем кубоктары мен ФИФА.ның түрлі чемпионаттарының /конфедерация кубогы секілді/ жариялану хақтарын ТРТ алды.
  • 13–20 Сәуір 2008:
    44-ші Халықаралық Елбасылығы Велосипед Турнирінің Түркиядағы трансляция хақтарын ТРТ алды.