Чернобыль апаты

Жер шары - ортақ үйіміз 48

396910
Чернобыль апаты

Чернобыль атом станциясы апатының 25-ші жылдығында Брянск аймағындағы 321 ауыл мен ауданға бүгін де апаттың болымсыз әсері жалғасуда. Аймақ жылдық радиация мөлшерінен астам көрсеткіштерге душар. Ғалымдар аймақтың 48 мың жыл бойынша радиациядан толығымен тазаланбайтынын, адамдардың жайғасып, тіршіліктерін жалғастыру үшін болса 600 жыл уақыт қажет екенін айтуда. Апаттан зардап шеккен адамдар тек қана үйлері мен жұмыстарынан айырылған жоқ... Бар нәрселерінен айырылды. Бүгін сол территорияда ешкім өмір сүріп жатқан жоқ. Өте көп зардап шекті. Ол жерде дәл кезінде қаза таппаған адамдар науқастанды, өмірлері қысқарды. Жерге көмілген реактордан және ауылдардан әлі топырақ пен суға радиация тарауда. Неше адамның қаза тапқаны әлі нақты түрде белгісіз. 1986 жылы 26-шы сәуір күні аварияның алғашқы кезінде 190 тонна радиоактивті зат ғаламшарымыздың атмосферасына араласты. Кейінгісі болса белгісіз. Іздеу құтқару жұмыстарына қатысқан 31 станция қызметкері мен өрт сөндіргіш қаза тапты. Станция авариядан бірнеше апта өткен соң цементпен асығыс жабылды. Бүгінгі таңда жұмысшылар уақыт өткен сайын шіріген цемент темірлерін жөндеу үшін күш жұмсауда. Бірақ радиация деңгейінің көптігі соншама жұмысшылардың күніне 15 минуттан көп жұмыс істеуіне тыйым салынған. Авария кезінде лауазымдылардың радиация мөлшері жайлы жалған ақпарат таратуы, жағдайды жасыруы көптеген адамның ұзақ мерзімде науқастануына себеп болды. Ғалымдар Чернобыльде өмір сүрген адамдардың Хиросима құрбандарынан 90 есе көп радиацияға душар болғанын алға тартуда. Кейбір көрсеткіштерге қарағанда бұл мөлшер Хиросимадан 400 есе көп. Ең қызығы да Чернобыль апатының нақты зияны туралы толықтырылған ортақ бір көзқарас жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар