ТРТ Радио


ТРТ Радио

Ғылыми және техникалық дамулар елімізге кеш жетті деген өкініш үнемі кездеседі. Ісжүзінде радиошылық қызметінде бұл керісінше болған. 1927 жылы 6 мамырда әлеммен бір уақытта басталады Түрік қоғамының радио сапары. 1964 жылы 1 мамырда ТРТ-нің құрылуымен жаңа бейне жаратады.

Бүгін ТРТ Радиолары мемлекеттік таралымның жауапкершілігі, тарапсыз және принципті эфирлер түсінігі, тура және жақсы түрік тілі, жаңалық, ғылым, білім беру, мәдениет, музыка, көңіл ашу мазмұнымен елдің барлық жеріне, қоғамның барлық саласына үн қатуда.

Түркия Радио Теледидар Мекемесінің Түркия радиолары Радио-1, Радио-2 /ТРТ- FM/, Радио-3, Радио-4, 5-Аймақтық радолар (Анталия, Чукурова, ГАП-Диярбакыр, Ерзурум және Трабзон радиолары) , Түрік өнер музыкасын ұнатушыларға арналған ТРТ Нагме, Халық әнін ұнатушыларға арналған ТРТ Халық әні, ТРТ Радио жаңалықтар арнасы және халықаралық радио арналары арқылы Түркия Үні Радиосы 32 тілде және Еуропа FM арқылы радио эфирлері саласында елімізде және әлемде мықты бір күшке айналып отыр.

 

Радио-1

Білім беру, мәдениет және жаңалықтар арнасы…

Білімге, үйренуге мұқтаж болғандарға арналған арна… 24 сағат толассыз эфир… Жүздеген stereo  күшімен Түркияның түкпір-түкпіріне,  жерсерігінен және интернет арқылы бүкіл әлемге таратылады. Білім, өнер, әдебиет, театр, спорт, қоршаған орта, экономика, магазин… Өмірге тән барлық нәрсе… Тура, тарапсыз… жылдам хабар тарату…

ТРТ Радио – 1927 жылдан бері  Радио болған барлық жерде…

 


Радио-2 (TRT FM)

 ТРТ әдісімен, ТРТ сапасымен күн сайын 24 сағат сіздермен бірге. Жанды, көңілді, қуанышты…. Танымал әндерге ең көп сұраныс беріледі. Жүздеген stereo күшімен, 99.9 пайыздық көлемге жетуімен Түркияның барлық жерінде жерсерігінен және интернет арқылы бүкіл әлемге таратылады. Сырласыңыз, досыңыз, жол серігіңіз… ТРТ FM Алысты жақындатқан радио.

 

Radyo-3

 Элвис ПреслиденДжоан Баэзге,Фрэнк Синатрадан  Анджей Чайковскийге, Моцарттан Сара Вагенге дейін созылған көкжиекте музыканың ең таңдаулы үлгілерін ұсынған, классикалық пен замандас музыканы бірлестірген радио. ТРТ сапасымен 24 сағат таралым… Түркияның барлық жеріне, жерсерігінен және интернет арқылы бүкіл әлемге таратылады.

ТРТ Радио- 3 сапаның аты.

 

Radyo-4

  Дәстүрлі өнер мен халықтық музыкамыздың гүлдері осы бақшада ашады… Саз әуездері, лонгалар, әдемі ырғақтар, сүйіспеншілікке толы әндер, халық әндері, Анатолының иісі аңқыған халық әндері…. Тарихтан бүгінге мықты әншілер мен композиторлар… Барлығы осы арнада…. ТРТ сапасымен 24 сағат сіздермен бірге… Түркияның барлық жеріне, жерсерігінен және интернет арқылы бүкіл әлемге таратылады.

ТРТ Радио-4

Сағыныштың аяқталған жері…

ТРТ Халық әні

2009 жылы 1 шілдеде эфирге сәлем берген ТРТ Халық әні арнасы FM таратушылары, интернет және жерсерігі  арқылы халық әнін ұнатушыларға үн қататын арна. Тыңдармандардың Түрік Халық Музыкасына қызығуын және ұнатуын арттыруды мақсат еткен ТРТ Халық әні 24 сағат тоқтаусыз таңдаулы үлгілер мен әндерді ұсынады. Эфирлерде ортақ мұрамыз болған халық музыкасы әуендеріне орын беріледі, халық мәдениетінің жалғастырылуына және таратылуына да есе қосады.

 


ТРТ  Нагме

  2009 жылы 6 мамырда эфирге шыға бастаған ТРТ Нагме FM таратушылары, интернет және жерсерігі  арқылы Түрік Өнер Музыкасын ұнатушылармен бас қосады. ТРТ Нагме арнасында 24 сағат тоқтаусыз Түрік Өнер Музыкасы беріледі. ТРТ мұрағатынан таңдалған еңбектер және жаңа таспаға түсірілген музыкалар ТРТ сапасымен ТРТ Нагме арнасынан таратылады.

 

ТРТ Радио Хабар

Түркияның және әлемнің жанды күн тәртібі, оқиғалардың зерттеулері ТРТ Радио Хабарда…24 сағат тоқтаусыз эфирге шығатын  ТРТ Радио Хабар, ТРТ-1, ТРТ Түрік және ТРТ Хабар теледидары арналарындағы жаңалық бағдарламаларын ауыспалы және бір уақытта эфирге шығарады. Жаңалықтарды ТРТ айырмашылығымен радиодан тыңдағысы келгендер FM таратушылары, интернет және жерсерігі  арқылы эфирге шығатынТРТ Радио Хабарда бас қосады.

 

Түркия Үні Радиосы

Қысқа толқын Анкара Радиосынан Түркия Үні Радиосына… 70 жылдан астам уақыттан бері Түркияның Үні күллі әлемде. Жаңалық-спорт, Мәдениет-өнер, Музыка-көңіл ашу… Түркия Үні Радиосы шетелдерде тұратын азаматтармыз бен қандастарымыздың Түркия және Түрік мәдениетімен бөлінбеген тәуелділігі, мәселелелерін шешуге жәрдемші, қуанышы мен қайғысының ортағы…. Қысқа толқын, жерсерігі және интернетте… 24 сағат толассыз эфирде… Әлемнің қайсы түкпірінде болсаңыз да…. Түркия Үнін естіңіз.

 

Радио-6

Еліміздің береке-бірлігіне есе қосуды мақсат еткен, замандас өредегі таралым түсінігімен барлық жастағы тыңдармандарды негізге алған күрт тілі радио арнасы…. 2009 жылы 1 мамырда эфирге шыға бастаған Радио-6 Оңтүстік Анатолы аймағына үн қатады. Аймақ халқы мен мемлекет арасындағы тәуелділікті күшейтумен бірге Түркияның халықаралық қарым-қатынастарына да болымды әсер жасайды.

 

ТРТ ЕУРОПА FM

Түркиядан тағы бір үн… Өмірдегі көңілді кезеңдерді, табыс әңгімелерін, еліміздің құндылықтарын, әлемнің барлық жеріндегі “Біз бізге ұқсаймыз” бейнелері және мол музыка…. Жастар мен жас сезінгендерге арналған музыка мен сұхбат ТРТ ЕУРОПА FM арнасында… ТРТ ЕУРОПА FM интернетте, жерсерігі және сымды арнада аптаның ішінде күн сайын Түркия сағатымен сағат 09.00-18.00 арасында эфирге шығады…Ұнатқан әндеріңізді тыңдағыңыз, сүйіктіңізге ән сыйлағыңыз немесе сезіміңізді, ойларыңызды бөліскіңіз келсе Түркияның көңілді үні ТРТ ЕУРОПА FM сізге телефондай ғана жақын…

                   www.trt.net.tr/Radyo