Чернобыль апаты

Жер шары - ортақ үйіміз 48

396909
Чернобыль апаты

1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы бір реактор қауіпсіздік бақылауы кезінде жарылып, ортаға шыққан радиациялық серпіндер Еуропаның маңызды бөліміне тараған болатын. Аварияның артынан Украина, батыс Ресей және Беларуста жүз мыңдаған адам эвакуацияланған болатын. Станцияның айналасындағы 30 шаршы шақырымдық тыйым салынған алаңға бүгін де кіру мүмкін емес. Жарылыстың артынан Кеңес Одағы инженерлері радиациялық тарауды шектеу үшін зиян келген реакторды цементпен уақытша жапқан болатын. Украинаның астанасы Киевте екі апта бұрын өткізілген бір халықаралық конференцияда зиян келген реактордың айналасын жаңадан лайықты түрде жабу үшін көмектесуге уәде берілді. Осы мақсатпен Чернобыль үшін миллиондаған еуро ақша жиналды. Жиналған ақша реактордың радиациялық тараудың алдын алу үшін салынып жатқан базаны аяқтауға жұмсалады. Бұл база уақытша шаралардың орнын алатын одан мықты және қауіпсіз бір қорғаныс ретінде салынуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар