Түркияның су мәселесі

Жер шары - ортақ үйіміз 33

391754
Түркияның су мәселесі

Түркияда агроөнеркәсіптік палаталары тарапынан дайындалған және 2003-2006 жылдарын қамтитын Түркияның ауыл шаруашылығы мен экономикалық жағдай рапортына қарағанда Түркия топырағында жылына 509 миллиард текше метрлік жауын жауады. Жылдық су тұтынуы 39 миллиард текше метр деңгейінде. Тағы жылдық шамамен 73 миллиард текше метр су болса қызметке бөлінсе де, техникалық жеткіліксіздіктердің салдарынан қолданыла алмайды. Су қолданысына кәсіптік тұрғыдан қарайтын болсақ, 11 пайызы өнеркәсіпте, 15 пайызы ауыз суы және күнделікті қолданыста, 74 пайызы да егін суаруда пайдаланылады.
Мемлекетімізде суарылған алаңдардың 94 пайызы ысырап қылатын әдіс арқылы суарылғандықтан қалған, 6 пайыздық бір алаңда қысымды суару жүйесі болып табылатын тамшылау жүйесі қолданылады. Бүгінге дейінгі қолданылған суару әдістері себепті Түркияның су көздерінің ең аз дегенде үштен бір мөлшері ысырап болуда. Жаһандық ысыну барлық дүниенің және Түркияның су көздеріне қауіп төндіреді. Түрік үкіметі бірнеше министрліктің осы мақсатта үйлесімділікпен жұмыс істеуін көздейтін бір шешім қабылдады. Осыған қарағанда «Израиль моделі» деп аталатын қысымды суаруға көшу тақырыбында шешім қабылдады. Түркия осы салада іске кірісті. Барлық экономикалық суарыла алынатын 8,5 миллион гектар алаңды суару комплекстерімен 2023 жылына дейін қамтамасыз етуді жоспарлайды. Сондай-ақ замандас суару техникасын қолданып, суару суындағы тұтынушы мөлшерін 65 пайыз деңгейіне төмендетуді мақсат етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар