Тіршілігімізді жеңілдеткен ең үлкен тауарлардың бірі – көліктер

Жер шары - ортақ үйіміз 28

313538
Тіршілігімізді жеңілдеткен ең үлкен тауарлардың бірі – көліктер

18-ғасырдың соңғы ширегінен бастап, осы күнге дейін үздіксіз дамыған жеңіл көліктердің, жүк көліктерінің бізге ұсынған жеңілдігі ортада. Осы көліктердің қашықтықтарды жақындатып, тасымалдау жұмыстарын жеңілдеткені шындығын байқаусыз қалдыруға болмайды.
* * *
Алғаш дәуірлерде дөңгелек табылғаннан соң адамзат баласының тек қана жаяу жүрген ортадағы өмірі жылжи бастады. Осы өз айналасында домалаған ағаш бөлшегі әр түрлі сатылардан өтіп адам өмірін жеңілдетті. Кейбір жануарлар қолға үйретілген соң олардың күштерінен пайдаланыла бастадық. Кейіннен моторы бар көліктер өндірілді. Жолдар салынып, одан да алысқа жүретін болды. Көштер басталды. Мәдени қозғалыстар және құндылықтар мекенін өзгерткен адамдармен бірге жаңа бағытқа айналды. Мезапотамя да басталған егін шаруашылығы барлық әлемге жайылды. Егін шаруашылығының арқасында адамдар көшпенді болудан құтылды. Дөңгелек және егін шаруашылығы дүниенің дамуына үлес қосты. Бірақ бүгінгі таңда бір-бірімен бәсекелес сияқты. Неге десеңіз, жауабын былай қайтарайық. Әлемдегі диқандардың әлемдегі ең үлкен бәсекелестерінің бірі – дөңгелек табылғаннан бастап өз бағытында дамып келген, қазіргі заманда болса теңдесі жоқ технологияға ие жеңіл көліктер. Жалпы айтқанда моторы бар көліктер. Өйткені жыл сайын егілуге тиісті 400 мың гектар алаң жол, автокөлік жолы және парк жеріне айналуда. Адам саны көп, табысы аз мемлекеттерде автокөліктер үшін жұмсалған инвестициялар азайған егістік алаңдарын одан көп азайтады және көліктер дикандарға бәсекелес болып шыға келеді.
* * *
Дүниедегі автокөлік санына жыл сайын жаңа 9 миллион дана қосылады. Әр көлікке арнайы бір парк алаңы қажет екенін назарға алсақ, қаншама алаңның керек екенін ойлаңыздар. Жер көлемі кең бір аймаққа жайылған АҚШ, Канада және Бразилия сияқты мемлекеттерде әр автокөлік үшін бөлінген инвестиция мыңнан 7 пайыз мөлшерінде жоғары көрсеткішке ие. Осы мемлекеттердің адам сандары ауқымды жер көлемімен салыстырғанда сирек таралым болып көрінгендіктен әрбір автокөлікке жұмсалған қаржы егістік алаңдарды одан да көп қолданыстан шығарады. Сондай-ақ Қытай, Жапония және Үндістан сияқты көп адам санына ие жер көлемі тар болған мемлекеттерде осы көрсеткіш мыңнан 2 пайызға төмендейді. Велосипед және мотоцикль жиі қолданылылатын Үндістанда кейбір деректер бойынша 8 миллион автокөлік бар. Бірақ жыл сайын қосылған автокөлік саны болса 1 миллиондай. Жалпы алғанда Үндістанда 20 мың гектарлық алаңның автокөліктерге бөлінуі керек. Осы жағдай да астық аздығы бар елдегі астық табысын одан да азайта түседі. Өйткені осынндай алаңда 50 тонна астық өндіруге болады. Бұл да 250 мың адамға астық деген сөз. Жай бір есеппен 2050 жылы бүгінгі адам санынан 500 миллионнан астам адам санын тамақтандыруға мәжбүр болатын бір ел үшін егістіктерін жолдар мен парктер үшін асфальттау келешекте үлкен мәселелерді туғызу мүмкін.
* * *
Осыған бір мысал АҚШ-тан келтіргіміз келеді. Әлемнің ең бай мемлекеттері арасында бірінші орындағы АҚШ жыл сайын автокөліктер үшін топырағының мыңнан 7 гектарына асфальт жасайды. Яғни, АҚШ-та жыл сайын қосылған 2 миллион жаңа көлік үшін 400 мың футбол стадионы үлкендігіндегі алаң асфальтпен толтырылады. Бүгін АҚШ-та жалпы 214 миллиондай автокөлік бар. Және автокөліктер үшін жол, трасса және парктерге бөлінетін алаң 16 миллион гектар. АҚШ-тық диқандардың бүгінге дейін ең көп өндірісте пайдаланған алаңы 2004 жылы 21 миллион гектарлық алаң болатын.
* * *
Жалпы алғанда, әлемдегі көлік саны 540 миллионға жуық. Осы көліктердің 80 пайызы өнеркәсібі дамыған елдерде.
Автокөлік технологиясының бізге ұсынған жеңілдік пен тіршілік түрінен де, тамақтануымыз үшін қажетті астық өндірісінен де айырыла алмаспыз. Жоғарыда берген мысалдарымыздан түсінікті болғандай, жаһандық ысынумен бірге қоршаған орта да жылдам өзгерісте. Сондай-ақ 540 миллион автокөлік ластаған бір ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз. Егістік және сулы алаңдарды жоғалтпауымыз керек. Сондықтан жұмыс орнымызды, заводтарымызды, жолдарымызды, сауда орталықтарымызды және парктерімізді егістікке жарамсыз алаңдарға құруға тиістіміз. Бірақ тарихи кезеңдерден бері адамзат баласы сулы алаңдар мен егістікке жарамды топырақтарға қоңыстанғанды таңдайды және осы жағдайда өкінішке орай келешектерімен тіршіліктері арасында қысылып қалады. Егістіктерімізді ең болмағанда бүгіннен бастап қорғауымыз керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар